Күйік асуының маңында 10 көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

0

Жамбыл облысында 15 маусымда сағат 03.40-та жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр қалғанда DAF жүк көлігінің жүргізушісі келесі бағытта жолда тұрған 10 көлікпен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы Күйік асуы маңында болған. Жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, онға жуық адам ауруханаға жатқызылды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиға «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінің 544-ші шақырымында болғанын хабарлады. Түнгі уақытта Таразға бет алған Скания маркалы жүк көлігінің тіркемесі өзінен-өзі өртеніп, салдарынан жолдағы қозғалысқа кедергі келтірген. Басқа көліктер жол жиегіне тоқтап, тіркемеден шыққан өрттің сөндірілуін күткен екен. Сол сәтте олардың артынан басқа жүк көлігі келіп соққан.

«Жалпы жол апатында 10 көлік зақымданды. Бір жүк көлігі, екі автобус және бір жеңіл автомобиль түгі қалмай өртеніп кетті. Оқиға орнында «Тойота» көлігіндегі жолаушы қаза тапты. 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 3-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды», – деді Жамбыл обылстық ПД баспасөз қызметі.

Соқтығысқаннан кейін 4 көлік өртенді: DAF жүк көлігі, Van Hol және Audi 2 жолаушылар автобусы

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.