Өмірге қауіпті дрифт пен экстрим үшін жазаланды

0

Тараз қаласының Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде қала көшелерінде мемлекеттік нөмірсіз автокөліктің дрифт жасап, жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары барысында «BMW» маркалы автокөліктің иесі Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жолда жүру қағидасын қатаң бұзғаны үшін автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі (жол жабындысын ластау) бойынша үш хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 49 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, көлік иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.