Тараз тұрғыны алаяқтық жолмен 9 миллион теңгеден аса қаражатты иемденген

0

Тараз қаласының полициясына алаяқтық дерегі туралы облыстың бірнеше тұрғыны шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығында  ер адам онлайн хабарландыру платформасы арқылы кірпіш зауытының иесі болып, сенімге кіріп, кірпіш жасауға тапсырыс алып, ал ақша алғаннан кейін байланысқа шықпаған.

Зардап шеккендер алаяққа 400 000-нан астам кірпішке тапсырыс берген. Келтірілген материалдық залалдың көлемі шамамен 9 400 000 теңгені құрады.

Тараз қаласының Полиция  басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған  дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы баптың санкциясымен  мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза  көзделген.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.