Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы тағайындалды

0

«Коммерсанть» дереккөздеріне сүйене отырып, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Тюменьдік Есенғали Ибраев сайланды деп жазады newsroom.kz.

Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды.

Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.

«Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады»

Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

«Ресей халықтарының мәдени мұрасын сақтау жылы – бұл өздерінің мәдени бастамаларын, соның ішінде ана тілдерін сақтау мүмкіндігін ұсыну», – деді ол.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.