Өңірде өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылады

0

Жамбыл облысында жарты жылда кәсіпкерлік субъектілеріне  10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Сонымен қатар, екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінген (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді), – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз  қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық»,- дейді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына  әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Бүгінге дейін штабтың 7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралды. Оның 17-сі жаңа жобалар. Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды.

Екінші кезекте,  прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау.

Үшінші,«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес пен төртінші, палата жанындағы іскер әйелдер кеңестері де кәсіпкерлерге қолдау көрсету алаңына айналатын болады.

Өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту ісіне де мән берілуде. 

Онда тек химиялық жобалармен шектелмейміз.

Экономикалық аймаққа жаңа инвесторлар мен қатысушыларды тарту үшін арнайы экономикалық аймақтың басым бағыттар тізіміне қара және түсті металлургия, электр энергиясын өндіру бағыттарын енгізу жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жолданып, қаралуда.

Бүгінгі таңда аталған аумақта 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға күш салудамыз. Олар:

             1.   «Qazsugar Co» ЖШС – қант зауытының құрылысы, жобаның құны – 98,2 млрд.теңге. Жобаның құаттылығы – 150 мың тонна жылана. Зауыттың құрылысы 2020 жылдың IV тоқсанында басталды, пайдалану кезеңінде 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда; Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 63 Га жер телімі берілді.

             2. «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианидін өндіру, жобаның құны 75 млн. АҚШ доллар, 78 жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 12 Га жер телімі берілді.

             3. «TAS Market» ЖШС Экономикалық аймақта жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орны құрылады. Іске асыру мерзімі – 2022-2026 жылдар аралығы.

Жалпы облыстың даму жоспарында айқындалғандай, өнеркәсіп саласында жалпы құны 2,1 трлн. теңгені құрайтын 443жобаны іске қосып, 10,1мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде (о.і. Тараз қ. 103,5 млрд. теңгеге 66 инвестициялық жобажүзеге асып, 1126 азамат жұмыспен қамтылады).

Атап айтқанда, 78 өңдеу өнеркәсібі (2022жылы-35), 25 тамақөнеркәсібі өндірісі (2022 жылы-14), 8  жарықэнергетика кешені салынып (2022 жылы-5), 6 балықшаруашылығы (2022 жылы-2),6 туризм(2022 жылы-4), 1 цифрландыружәне 319өзге де қызмет (2022 жылы-173)көрсету бағытындағы шағын жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз.

Агроөнеркәсіп кешенін кластерлік тәсілмен дамыту көзделсе, өнеркәсіп саласыәріптестік бағдарламанегізінде іске асырылатын болады,- деді Нұржігітов.

Өз кезегінде өңір басшысы әріптестік бағдарламаны өңірдегі ірі инвестициялық жобаларда да қолдануды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Мысалы,Қордай ауданында «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургиялық комбинатын салу жобасы, «Корцем» ЖШС цемент өндіру бойынша, Мойынқұм ауданында «Шағала майнинг» ЖШС мыс кенін өндіру, Шуда «Казахмыс» ЖШС Жайсан кенін игеру, «Жанашыр прожект» мыс кенін өндіру жобаларында іске асыруға келіссөздер жүргізілуде екен. 

Осы бағыттар жүзеге асқан жағдайда еңбек өнімділігі 8,5%-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 275 млрд.теңгеге артып, экспорт көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайтын болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, инфляция деңгейін төмендету бағытында импорт алмастыруды 180 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, жалпы отандық тауар өндірісін арттыру көзделіп отыр.

Өңірде жұмыс істеп тұрған 77,2 мың шағын және орта бизнес  субъектілерін 85 мыңға дейін жеткізіп, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын арттыра отырып, өңірде өндірілгенөнім көлемі 7%-ға ұлғаяды деп жоспарланып отыр.

Кездесу барысында кәсіпкер әйелдер облыс әкімімен бірге өңірдегі бизнесті дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.