Министр Жамбыл облысында атқарылып жатқан ілкімді істерді көзбен көрді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің кемел келешегін көздеген дәстүрлі Жолдауларында Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін жасақтауды әрі оның жер-жерлерде жүйелі жүзеге асырылуын назарда ұстауды тапсыруда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

Өңірімізге жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аймақта атқарылып жатқан ілкімді істерді көзбен көрді. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов, облыстық мәслихат пен жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан әкімдері қатысты. Жиында Тамара Дүйсенова қазір еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер туралы айтты. Аймақта 15-28 жас аралығындағы жастардың саны – 221 мың. Бұл облыс халқының 19 пайызын құрайды. Осыған орай, министр жастарды жұмыспен қамтудың маңыздылығына айрықша тоқталды.

  • Жамбыл облысындағы жастардың саны 2030 жылға қарай 64 мың адамға көбейіп, 286 мыңға жетеді. Ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш тағы 100 мыңға артады. Экономикалық белсенді жастардың саны 2030 жылға қарай 149 мыңға дейін көбейіп, еңбек нарығына күш түсіретіні анық. Мектептегі біліммен қалған жастардың үлесі – 18%, ал жоғары білімді жастардың үлесі – 39%», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан бөлек, министр биылғы жылдың 6 айында облыста 27 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасқанын атап өтті. Оның басым көпшілігі – 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрған.

  • Жамбыл облысында жұмыссыз ретінде тіркелген 4816 жұмыссыз адамның 2526-нің біліктілігі бар, ал 2290 адамның біліктілігі жоқ. Өңірде бос жұмыс орындары жеткілікті екенін Электронды еңбек биржасындағы осындай мысалдардан-ақ байқауға. Жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсетіп, қажетті жұмыс орындарына орналасуға барынша қолдау көрсету барлығымыздың міндетіміз», – деді Т.Дүйсенова.

Кездесуде сондай-ақ қазақстандықтарды зейнетақымен қамту, халықты әлеуметтік қолдау мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары да талқыға түсті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.