2022 жылдың 24 шілдесінде Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары жалпы сомасы 2 620 000 теңге қаражатын бейтаныс азаматшаның аз пайызбен несие шығарып беремін деген сылтаумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен иеленіп кеткені туралы арызданған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.