Жамбылдағы 236 сақтау қоймасының 81-і мұздатқышпен жабдықталған

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстағы азық-түлік сақтау қоймаларының дайындығы және әлеуметтік дүкендерді азық-түлікпен қамту мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, облыстағы жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 сақтау қоймасының 81-і мұздатқышпен жабдықталған (47,2 мың тн). Ал, облыс бойынша мерзімаралық кезеңде (4 ай.  қаңтар-сәуір)  мұздатқышы бар қоймалардың қажеттілігі 57,7 мың тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда Мойынқұм және Талас аудандарында бірде-бір көкөніс сақтау қоймалары жоқ десек, Шу және Сарысу аудандарында мұздатқышпен жабдықталған қоймалар салынбаған.

– Облыста биылғы жылы 2,2 млн. тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көзделуде.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту» Жол картасы және Даму жоспары аясында 2022-2025 жылдары сыйымдылығы 100,3 мың тоннаны құрайтын 39 жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын іске асыру көзделуде. Оның ішінде, сыйымдылығы 59,4 мың тонналық 16 қойма мұздатқышпен қамтылмақ. Ағымдағы жылы сыйымдылығы 27,6 тонналық 8 қойманың құрылысы жүргізілуде (6 қойма мұздатқышпен 6700 тн.).

Осы жобалар толық жүзеге асырылғаннан кейін мерзімаралық кезеңде жетіспейтін 21,4 мың тонналық мұздатқыштың 6,7 мың тоннасы қажеттілігін жабады деп көзделуде.

Биыл 41,8 мың гектар алқапқа картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз дақылдары орналастырылып, бүгінгі күнге 5,9 мың гектар алқаптан 158 мың тонна ерте пісетін көкөніс өнімдері алынды. Қазіргі таңда көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға артып отыр.

Аймақ басшысы жұмыстарды жүйелеу, аудандар бойынша тұрақты бақылау жүргізіп, апта сайын есеп беріп отыру үшін аталған екі басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.