Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы жеке құрамға өзінің орынбасарын таныстырды.
ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Мұратұлы Ахметжановтың 05.08.2022 жылғы № 417 ж/қ бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Қасенов Нұрғали Нұрсоветұлы тағайындалды.
Нұрғали Қасенов 1972 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1997 жылы Тараз қаласы 1-ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы лауазымынан бастаған. Сондай-ақ түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған және кадр саясаты, қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметтерінде тәжірибесі мол қызметкер.
Қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бақылау және жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарды.