Қордайда жол ережелерін өрескел бұзғандар жазаланды

0

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Жамбыл облысының Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қордай ауылының көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, аспанға қарумен оқ атқан автокөлік жүргізушілерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олардың барлығына әкімшілік жаза тағайындалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.

Атап айтқанда, «Lexus 570» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігімен, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігімен және 590-баптың 10-бөлігімен (алдыңғы терезесіне перде салу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы автокөліктің алдыңғы жолаушысы отыратын орнынан қарумен жоғарыға оқ атқаны үшін 21 жасар ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылып, тіркелген аңшы мылтығы тәркіленіп алынды.

Содан кейін тағы оқ атқан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК 484-бабының 1-бөлігімен (Қаруды сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық қаруды тасымалдау ережесін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуы), ҚР ӘҚБтК 590-бабының 9-бөлігімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылды. Аңшы мылтығы тәркіленді.

Одан бөлек, жолдың қарсы бағытына шыққаны және дрифт жасағаны үшін «Меrcedes-benz S55» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 630-бабының 1-бөлігімен (жол жабындысын бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды.

Істің барлық материалдары аудандық сотқа жолданатын болады.

Полиция қызметкерлерімен осы той кортежіне қатысқан басқа да автокөлік иелерін анықтап, ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды қайталап ескертеді! Естеріңізде болсын, жол – қателікті кешірмейді!

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.