Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Джапаров 2020 жылдың қыркүйегінде субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған болатын.