Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда

0

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын  үздіксіз жүргізуде.

Мәселен, ПД КПБ қызметкерлері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында орналасқан зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты,  нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда ПД КПБ қызметкерлері УЖД 158/1 қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен ПД-дан ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.

2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы  тәркіленді.

Сол күні жанармай құю бекетінің жанынан автомат табылды. Тиісті сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

2022 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 8 бірлік  атыс қаруы, оның ішінде 3 тапанша мен 2 автомат тәркіленді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.