Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды

0

Ағымдағы жылдың 14 тамызында таңғы сағат 6:30 шамасында Тараз қаласы Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың біріндегi тұрақтан «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жоғалғандығы туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33- жастағы тұрғыны анықталды.

Күдікті қала аумағында Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған аталған маркадағы автокөліктердi түнгі мезгілде ұрлап, басқа облыс тұрғындарына төмен бағада сатып отырған. Бүгінгі күнге дейін 13 автокөлікті ұрлаған.

Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1- тармағымен (автомобильді құқыққа сыйымсыз иемденіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті осыған ұқсас ұрлықтың алдын алу мақсатында жүргізушілерге қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, көліктеріне ең алдымен, ұрлыққа қарсы дабыл жүйесін орнату, есігін ашық қалдырмау, түнде көлікті гаражға немесе күзетілетін автотұраққа қою, ішінде бағалы заттар мен құжаттар қал¬дыр-мау, жеке тұлғадан автомобиль сатып алған кезде құқық белгілеуші құжаттарын беруді талап ету қажеттігін ескертеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.