Жамбылдық полицейлер героин өткізушісін ұстау операциясының бейнежазбасын жариялады

0

Жамбылдық полицейлер алғашқы дозадан-ақ тәуелділікке әкеп соғатын есірткінің ең ауыр түрлерінің бірі героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жариялады.

Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысқан.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында үйінен жалпы салмағы 10 грамм «героин» табылып, тәркіленді.

Жедел-іздестіру шаралары  Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт»  арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесе «Қарасора-2022» республикалық іс-шарасы  аясында өткізілді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бапқа сәйкес күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.