Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды

0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің  бастығы лауазымына полковник Зейнелов Нурбол Қуантқанұлы тағайындалды.

1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, үйленген, 3 баласы бар

білімі – жоғарғы, мамандығы «Құқықтану»

әскери қызметте 1997 жылдан бастап

2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы

2016-2017 жылдар аралығында  Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы

2017-2018 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы

2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы

2 тамыз 2022 жылдан бастап Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.