Меркіде 6 келіден астам марихуана есірткі заты тәркіленді

0

2022 жылдың 17 тамызында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы ауданның құмды алқаптарының бiрiнен 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Тiнту кезінде күдіктінiң сөмкесінен 6 келi 520 гр кептiрiлмеген марихуана есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жалпы, «Қарасора-2022» iс-шарасы аясында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен 15 қылмыстық іс ашылған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.