Тараздағы көпірдің астынан қару-жарақтар  табылды

0

2022 жылдың 31 тамызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты.

Қара түсті полиэтилен пакеттен «МР-79-9» травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша,  көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және «Макаров»маркалы тапаншасының оқжатары  тәркіленді.

Сот – баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.