23 жастағы жігіт барлаушылар арасында үздік атанды

0

Лейтенант Фоменко Дмитрий Борисұлы. Арнайы барлау топ командирі. Есік қаласының тумасы, 1999 жылғы. Құрлық әскерлері институтын алтын белгімен тәмамдаған. Жас лейтенанттар жиынында үздік атанған, грамота және медаль иегері.

«Барлаушылар жиындарының нәтижесінде тиімді тәжірибе алмасамыз. Қажетті нормативтерді орындаймыз. Арнайы жаттығулар, «барлаушы кедергілерінен» өтеміз, қарудан оқ атамыз. Сол себепті жиындардың маңызы өте зор. Әскери адам болу бала кездегі арманым еді. Әскерге дейін жеңіл атлетикамен шұғылдандым және кітап оқығанды жақсы көретінмін. Көптеген ғылыми және тарихи кітаптар оқыдым. Барлаушы болу үшін физикалық дайындығы, моральдық-психологиялық тұрғыдан мықты болу қажет. Қазіргі арманым – генерал болу және Арнайы операциялар күштері (ССО) құрамына ену», – дейді Дмитрий Фоменко.

Әскери медиа жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.

Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.