Жамбылдық полицейлер ауыр дәрежедегі интернет-алаяқтықтың 98%-ын анықтады. 2022 жылдың 9 айында облыс аумағында 165 интернет-алаяқтықтың дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда -44,3%-ға төмендеген.
Осы қылмыс түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу шаралары жандандырылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2022 жылғы сегіз айда бұл қылмыс түрінің көрсеткіші едәуір төмендеді. Ауыр санаттағы интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу дерегі бойынша республика көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп, 98%-ы ашылды.
Жыл басынан бері осы қылмыс түрімен айналысқан 18 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 9-ы басқа облыстардың (Алматы,Шымкент, Атырау, Қызылорда) тұрғындары екені анықталды.
Сондай-ақ, айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Мәселен, бір қылмыстық істе күдікті басқа өңірде, кейде тіпті басқа мемлекетте жүруі мүмкін. Қазіргі таңда тергеудегі алаяқтық қылмыстарының 41 дерегі- Ресей, Украина және Молдавия елдерімен байланысты болып отыр. Бұл бағытта ҚР ІІМ-нің арналары арқылы тиісті сауал-сұраныстар жолданылды.
Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Бұл бағытта полиция және 2-ші деңгейлік банк өкілдерімен бірлескен кешенді жұмыстар жүргізілуде және де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері де осы мақсатқа бағытталған жұмыстарға өз үлесін қосуда.
Соның ішінде, дөңгелек үстелдер өткізуге, «Абайлаңыз, алаяқ!» атты жергілікті тексеру жұмыстарын жүргізуге, профилактикалық мазмұндағы материалдарды дайындау, жариялау және тарату жұмыстарына қатысты ұйымдастырушылық көмек көрсетілуде.
Жергілікті полиция қызметінің күштерін пайдалана отырып, облыс аумағындағы халық жиі шоғырланатын дүкендерде, аялдамаларда басқа да қоғамдық орындарда профилактикалық мазмұндағы арнайы дайындалған бейне роликтер мен өзге де материалдар әлеуметтік желілер арқылы әр қала,аудан аумағында және барлық жергілікті интернет-чаттарда, қауымдастықтар мен топтарда таратылып, жариялануда.
Жамбыл облысы Полиция департаменті интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды — дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырады.