Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы аталды

0

Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.

«Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық», – деді Мехмет Нури Ерсой .

Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты, 165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы Жер аударылды. 2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің басқыншылығынан азат етілді.

Айта кетейік, 2022 жылы Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы – Бурса қаласы болды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.