Нұрқан Сәдуақасов Женевада су және денсаулық мәселелері бойынша сөз сөйледі

0

16-18 қарашада Женевада Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырған Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттама тараптары кеңесінің VI сессиясына қатысуда.

Сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйелерінің (WASH) және климаттың өзгеруі мен пандемия кезіндегі денсаулық сақтау қызметтерінің тұрақтылығын нығайту жөніндегі жоғары деңгейдегі сессия барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов COVID-19 пандемиясы кезінде суға, санитарияға және гигиенаға қатысты Қазақстан алған тәжірибесі мен сабақтарымен бөлісті. 

Ол өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа әдістері, жаңа инфекциялық ауруханаларды ашу, QazVac вакцинасын әзірлеуді және цифрлық технологияларды пайдалануды қоса алғанда, пандемияға қарсы әрекет ету және қалпына келтіру кезінде қолданылған инновациялар туралы да баяндады.

Қазақстан WASH-ті өзінің саясаты мен заңнамасына біріктірді. Біздің еліміз 3 және 6 ТДМ-ға қол жеткізуге және аймақтағы су мен денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін ашық диалогқа жәрдемдесуге ұмтылуда.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.