Таразда 100 жасаған қария дауыс берді  

0

Сайлау – мемлекет үшін аса маңызды саяси, тарихи оқиға.

Бүгін, 20 қараша сайлау учаскесіне халықтың әр санатындағы азаматтар кеп белсенділік танытуда. Соның бірі – ғасыр жасаған қария Кулия Усенова.

Кулия УСЕНОВА, 100 жаста

Бәрімізге белгілі, сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Сондықтан, бүгін өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең.

Мен биыл Президент сайлауына 7-рет барып өз дауысымды бердім. Балаларыма да үлгі ететін әдетім осы. Бұл өзіңді азамат ретінде қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біздің болашақ – біздің ұрпақ. Біз оған жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз.

Қазіргі жағдайда елімізде кезектен тыс сайлау өткізудің мәні зор. Бұл саяси бастама еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған нақты қадам. Өйткені, Президент ел дамуының ішкі-сыртқы даму бағдарын айқындап, мемлекетімізді халықаралық аренаға танытып, ҚР егенмендігі мен тәуелсіздігін қорғау туралы шешім қабылдайды. Бұл жолғы сайлау еліміздегі ортақ мақсаттың, татулықтың, ауызбірліктің, болашаққа деген толық сенімнің көрінісі болады деп сенемін. Сондықтан да ел тағдырын шешетін маңызды саяси науқанға бейжай қарауға болмайды.

Осыған орай мен бүгінгі маңызды науқанға қатысу үшін сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауысымды бердім. Саяси додада ел сеніміне ие болған лайықты үміткер жеңіске жетіп, мемлекетіміздің бұдар арғы дамуына бар күш-жігерін салады деп ойлаймын.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.