«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы нәтижелері бойынша қорытынды онлайн есептік кездесу өтті. Жоба мақсаты – жастардың арасында өзін – өзі тану, патриоттық сезімдерін арттыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық басымдықтарын ілгерілету.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
«Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде:
—Шағын гранттарды жүзеге асыру нәтижесінде және іс—шаралар барысында, әскери-патриоттық клубтарға және басқа да патриоттық бірлестіктерге тартылған жастардың үлесін 20%-ға артты.
—Әлеуметтік желілерге әскери-патриоттықтәрбие жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы ақпаратты тарату арқылы 358 000 жас ақпаратқа ие болды.
—«Jiger — 2022» журналы жасақталды.
—Әскери-патриоттық клубтардың және басқа да патриоттық бірлестіктердің «Qorgan» бірлестігі ұйымдастырылды.
— «Jas Patriot» YouTube каналының жұмысы ұйымдастырылды.
—Мектептер мен колледждер базасында өңірлік әскери-патриоттық клубтар үшін шағын гранттар конкурсы өткізілді.
—Электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халықты жоба барысындағы жұмыстармен таныстыру үшін ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды.
— Тікелей 2 646 қатысушы қамтылды.
— Ақпараттық қамту 656 000 адамды құрады.
Жастар арасында әскери-патриоттықбағыттағы әлеуметтік желі марафондары, челлендждер ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды. Сонымен қатар, «Әскери-патриоттық керуен» атты іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, экскурсиялар, кездесулер, байқаулар, форматта шеберлік сабақтары болып өтті.
Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.