Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

«Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды.

Ал жекпе-жектен соң Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенінжеткізген еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.