Жамбыл облысында заңды тұлғалардың көліктері әскери оқу-жаттығуға тартылады

0

Қорғаныс министрлігі «Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы» қаулы әзірледі, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмылдыру тапсырмасына сәйкес 2023 жылы оқу-жаттығуларға заңды тұлғалардың 36 техникасын тартатыны жазылған.

Қорғаныс министрлігі берген түсініктеме бойынша, жоба мақсаты – заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жеткізуге әзірлігін тескеру.

Қаулы 6 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.