Абай облысын дамытуға 1,9 триллион теңге жұмсалады

0

Қазақстан үкіметі Абай облысын дамыту жоспарын қабылдады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 100-ден астам іс-шара бар екенін айтты.

«Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды дамыту, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 триллион теңге болады», – деді Смайылов Үкімет отырысында.

Ол Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді жоспардағы шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.