Ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны ұсталды

0

Жамбылдық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданындағы шаруа қожалығының аумағында тараздық 36 жастағы тұрғынды ұстады.

Шаруа қожалығының аумағын тексеру барысында сарайдың бұрышынан өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 3 келі 780 гр кептірілген марихуана және 795 гр гашиш есірткісі екендігі анықталды.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.