Сайлауда Тоқаев жеңіске жетті – ОСК

0

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы:

Жамбыл Ахметбеков – 167 249 – 1, 82 пайыз;
Дания Еспаева –  478 153 – 5, 2 пайыз;
Әміржан Қосанов – 1 472 733 – 16,02 пайыз;
Төлеутай Рахымбеков – 294 271 – 3,2 пайыз;
Амангелді Таспихов – 190 304  – 2,07 пайыз;
Касым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 – 70, 76 пайыз;
Сәдібек Түгел – 84 348 – 0, 92 пайыз.

Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Кеше, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек «Қоғамдық пікір» институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.