Бүгін, 2022 жылғы 9 желтоқсанда, елордада»Амбулаториялық кезеңде акушерлік — гинекологиялық көмек көрсетудегімультидисциплинарлық тәсіл» атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады.
Іс-шараны Астана Медицина Университетіелордалық акушер-гинекологтар Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады:
• Әртүрлі аурулар кезінде жүкті әйелдерге антенатальды көмек көрсетудің кешенді тәсілі
• Прегравидальды дайындық және ұрықтың туабіткен ақаулары мен хромосомалық ауытқуларды азайту жолдары
• Бедеулікті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілі
• Ерлер мен әйелдердің денсаулық жағдайы.
• Түсік түсіру және олардың репродуктивтіден саулыққа әсері.
• Гинекологиялық Эндокринология мәселелері
Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші қауымдастықтары, отандық және шетелдік сарапшылар: денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, акушер-гинекологтар, репродуктологтар, эмбриологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, уроандрологтар, бастапқы буын онкологтары, көпсалалы стационарлар, Адам репродукциясы клиникалары, бейінді республикалық клиникалармен медициналық ЖОО-лар қатысады.
Астана Медицина Университетінің № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасыныңмеңгерушісі, Астана қаласы Қоғамдық денсаулықсақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, профессор Зайтуна Хамидуллинаның айтуынша, гинекологиялық аурулар, ана мен бала өлімінің жиілеуі, бедеу жұптар мен түсік тастаудың ұлғаюына байланысты аталған конференцияны өткізу уақтылы, әрі өте маңызды болып табылады.
Конференция екі күнге созылады, оның барысында сарапшылар МСАК-тың негізгі базалық сипаттамаларын және негізгі 4 атрибутты қолдау қажет болатын барлық бастапқы буын мамандары үшін іс-шараларды анықтау мәселелерін талқылайды, атап айтқанда: өңірлер мен республика деңгейінде халықтың репродуктивті денсаулығын арттырудың көпсалалы тәсілдерін әзірлеу мақсатында бастапқы байланыс, үздіксіздік, қамту және үйлестіру.