Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында қаулы қабылданып, шектеу шаралары енгізілгені белгілі.
Бүгінгі таңда, жұмыс жасап тұрған нысандарға COVID-19-ды болдырмау іс-шаралары бойынша, жасақталған мониторинг жүргізу тобының мүшелері бақылау жасап, қызметкерлер мен басшыларға санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Шектеу шараларын сақтамау бойынша жіберілген кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарға әкімшілік айыппұлдар салынуда.
Аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш медициналық бетперделерді пайдаланбауда. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 2-6 қарашасы күндері аралығында С.Курбанбаева, М.Толбаев есімді азаматтарға дүкендерде медициналық бетперде пайдаланбағаны үшін, ал, Базарбай ауылы, «Мұлдиев» көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер Т.Абитаеваға санитариялық — дезинфекциялық режімді қамтамасыз етпегені үшін 319 470 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, шектеу шараларына қарамастан отбасылық шаралар өткізгендері үшін Сарыкемер ауылының тұрғыны Г.Унгарова және Көктал ауылының тұрғыны Ж.Кулжабаева 83 340 теңге көлемінде айыппұл төледі.
Коронавирус инфекциясының таралуы шегіне жеткен шақта ғана аудан тұрғындары ауруды қарапайым ережелерді сақтамау және санитарлық талаптар мен шектеу шараларына немқұрайлы қарағанның салдарынан жұқтырып алатындары жасырын емес. «Саулық – сақтықта» екенін біле тұра, жергілікті тұрғындар той – томалақтар мен туған күндерді жасырын өткізіп, көпшілік жерде немесе қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтаса екен дейміз.