15 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінің екінші бөлімі көрсетіледі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
«Штрихи к портрету» — Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, оның тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Фильм эксклюзивті сұхбат негізінде жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, фильмнің бірінші бөлімі 1 желтоқсанда көрсетілген. Онда Назарбаев қуғындағы банкир, оппозиялық саясаткер Мұхтар Әблязов жайлы, сондай-ақ өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесі туралы айтқан еді.