Әуесқой бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіповтің туған інісі қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
«Қазақстанның бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтың туған інісінің өмірден озуына байланысты көңіл айтады. Мұндай қымбат адамды жоғалту аса ауыр. Отбасының қайғысына ортақтақпыз» делінген бокс федерациясының хабарламасында.
23 жастағы Жүсіпов Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының тумасы. Ол бокстан жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ересектер арасында Әлем және Азия чемпионатының жүлдергері, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы.