«Бәйтерек» мөлтекауданындағы 37,38 үйлердің сыртына жөндеу жұмыстары басталды. 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер 5 қабаттан, 75 пәтерден тұрады.
Мердігерлер 3 жылға кепілдік бергенімен, 3 жыл өте сала қабырғалар сыр бере бастаған. Содан бері тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Уәдеге тойған олар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та мәселені талай рет көтерген.
Өткен жылдың маусым айында бюджеттен қаражат қарастырылып, құрылыс басталған тұста пандемия жағадан алып, құрылысты жүргізетін жұмысшылар тапшы болған. Жөндеу жұмыстары тоқтап, халықтың үміті тағы үзілген еді. Күні бүгінге дейін жалтарып жүргендер компанияны жауапкершілігі заң аясында қарастырылуда.
Бірер күн бұрын мәселенің мән-жайын білуге барған Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев сәуірдің 3-не дейін мерзім беріп, жөндеу жұмыстарын тез арада бастау керектігін тапсырып, 2 күн мерзім берген болатын. Бүгін міне тұрғындардың көптен бергі тілегі орындалды. Құрылысты қолға алған компания жұмысты 25 сәуірге дейін аяқтамақ.