Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын.
Осы орайда, «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттвқ жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «IQ BATTLE» республикалық әскери-патриоттық интеллектуалды сайысын өткізілуі жоспарланып отыр.
«IQ BATTLE» республикалық әскери-патриоттық интеллектуалды сайысы Алматы қаласында 2022 жылдың 4-5 қараша күндері өтеді. Сайысқа еліміздің 17 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы іріктеліп алынған білімді де интеллектуалды, белсенді жастар қатысады.
Шараның алғашқы күні әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмысты дамыту мәселелері бойынша республикалық қоғамдық тыңдалым, қалған күндері IQ BATTLE ойындары өтеді.
Шақырылған қонақтар:
— ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі – Д.Қ. Қыдырәлі
— ҚР Оқу ағарту министрі – А. Аймағамбетов
— ҚР Қорғаныс министрі – Р.Ф.Жақсылықов
— Алматы қаласының әкімі – Е.Досаев
— ҚР Сенат және Мәжіліс, маслихат депутаттары
— Қоғам және мәдениет қайраткерлері