Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген Антикор хабарламасында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.
«Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді ведомство өкілдері.