Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Келесов Еркін Егембердіұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.
Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.