Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері қоғамда жиі айтылып жүрген «болашақта ел астанасы Түркістанға көшіріледі» деген пікірді теріске шығарды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan арнасынан көрсетілген «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде айтты.
«Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен, әрине…Түркиядан адамдар кеп көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса екен деп ойлайтын шығар.
Бірақ біз қазір мына астанамызды ұлғайтамыз. Бұрын екі жүз мыңдай адамы бар Ақмола қазір бір миллион екі жүз елу мыңы адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан болды. Бұл атауды мен өзім ұсынған жоқпын, бірақ қарсы да болмадым. Себебі астананың әрбір тасы менің нұсқауымменен, әрбір түрілі ғимарат менің қатынасымменен салынды. Сондықтан біз осы өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз» деді Назарбаев.