Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында «Профи-2022» облыстық байқауы өткізілді.
Аталған байқауда «Вarbershop», «Визажист», «Маникюр ісінің шебері», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» номинациялары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды.
Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 70-ке жуық кәсіби жас қатысты. Қазылардың шешімі бойынша төмендегі үміткерлер жүлделі орынға ие болды
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.