Аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайы сақталуда.
Қазіргі таңда орталық аудандық ауруханада 45 адам ем алуда. Олардың арасында аса ауыр жағдайдағы науқастар жоқ.
Аурухана ғимаратына арнайы генераторлар арқылы электр энергиясы берілуде. Жылыту құрылғыларымен қамтылған.
Электр энергиясы желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар 4 қаңтар, яғни, ертең таңертеңнен басталады деп көзделуде.
Оған арнайы мамандардан құралған 10 бригада (о.і 5 бригада Тараз қаласынан) жұмылдырылмақ.