Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу» халық театрының негізі 1968 жылы құрылды , театрдың негізін қалаған және режиссеры болып Ермек Құлажанов қызмет жасады.
1978 жылы ұжым «халықтық» атағына ие болды.
1987 жылы режиссер Бірімбетов Омарсейіт «Тірі екенсің махаббат» авторы О.Бодықов, «Апа, апатай» атты көрінісі көрсетілген.
1989 жылы режиссер С.Дәулетқұлова М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен «халықтық» атағын қорғады.
1993 жылы режиссер Бақтыбаева Әйгерім С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» қойылымымен, 1999 жылы режиссер Балтан Қабылбеков М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен ,
2003 жылы Ш.Досмайловтың «Есірткімен есірген есерлер» қойылымымен «халықтық» атағын қорғады.
2006 жылы 21 маусым күні театр С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» атты 2-бөлімді драма комедиясымен «халықтық» атағын қорғады.
2007 жылы 1 сәуірде аудан бойынша қорытынды «Күлеміз бе? » атты әзіл-сықақ КВН ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Театр режиссеры К.Тұрлыбекова «Қаңбақ шал» ертегісін сахнаға шығарып, осы қойылыммен аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының елді мекендерге ақылы қызмет көрсету бағдарламасында халық көңілінен шықты.
2008 жылдың 03 қазанында өткен Шу ауданының мәдениет және өнер күніне А.Егеубайдың «Шу батыры» қойылымы бас алды.
2008 жылы Облыстық Халық шығармашылығы орталығынан келіп түскен Халықтық театрлар облыстық байқауының ережесіне сай 20-21 қараша күні Облыстық қазақ драма театры және қалалық мәдениет үйінде өтетін театрлардың өнерін жетілдіру, жандандыру, байыту мақсатында өткізіліп жатқан байқауға аудандық мәдениет үйінің режиссеры К.Тұрлыбекова «Кім кінәлі?» атты мелодрамасын қойды.
2009 жылдың 06 наурызында қалалық «Синема парк» кешенінде өткен «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне» берілген сазды бағдарлада «Әйелдің аты әйел», «Көктем арулары» Т.Әлімбекұлының әзіл оспағымен сахнаға шықты.
22-наурыз мерекесіне дайындық жүргізіліп «Ұлыс күні хикаясы» атты көрініс қойды. Сахнаға Қыдыр ата -Е.Азаматов, Наурызгүл — Н.Болаева, Тазша бала, Алдар көсе, Әже және т.б. ертегі кейіпкерлері сахнаға шығарылды.
И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» ІІ бөлімді поэтикалық драмасы қойылды.
2010 жылы 28 мамыр күні Тараз қаласында Облыстық қазақ драма театрында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай өткен фестивальде «Шу» халық театры Д.Исабековтың «Кішкентай ауыл» екі бөлімді драмасын қойды. Аталған шығармамен «Шу» халық театрының «Халықтық» атағы қайта қорғалды.
2011 жылы 15 қараша күні Тараз қаласындағы «Драма театрында» «Ғұмыр театр» атты апталығына Шу аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Шу» халық театры Дулат Исабековтің «Кішкентай ауыл» 2 бөлімді драмасымен қатысты.
2013 жылы театр ұжымы аттестациядан өткізіліп, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (екі бөлімді лирикалық мұң) көрінісімен «Шу» халық театрының «Халықтық» атағы қорғалды.
«Шу» халықтық театрының материалдық базасы: Батырлар киімі-3, шапан-2, жаңа жылдық персонаждар киімдері-8, әскери киімдер-15 дана, Сыған бишілер киімі-8 дана, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің кейіпкерлер киімдері: Қыдыр ата-1 дана, Тазша бала-1 дана, Наурыз гүл-1 дана, Әжелер киімі-3 дана, Қожанасыр-1 дана, Жиренше-1 дана. Аяз ата, Ақшақар, 4- сайқымазақ киімі, 6-ақүлпектер киімдері бар.