Таразда 14 жастағы кәмелетке толмаған бала 12-қабаттан секіріп кетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болған. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Жасөспірімнің өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатқаны айтылды. Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.