Тараздағы «Ақсай» базарындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірін тоқ соғып, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Тараз қаласындағы «Ақсай» базарында азаматтарды эвакуациялау барысында азаматтық қорғау кіші сержанты — өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрболат Қонақбайды тоқ соқты, оған өрт кезінде үзілген электр желісі түрткі, делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханадағы жалпы палатаға ауыстырылды.
Тараздағы базарда өрт 20 қаңтарда орын алды.