Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таразда есірткі таратқан 25 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде күдіктілерден таратуға дайындалған және 15 пакетке салынған мефедрон алынды.
Олардың әлеуметтік желілердегі хат-хабарларын зерттеу кезінде есірткіге бетбелгі қойылғаны анықталды. Полицейлер есірткіні тұтынушыға жібермеу, бетбелгілерді іздеу және жою үшін шұғыл шаралар қабылдады. Сондай — ақ «клиенттермен» хат алмасуда көрсетілген геометрия бойынша полиция қызметкерлері Таразда және оның маңында салынған бетбелгілерді алты сағат ішінде жойды. Іздеу әрекеті соңғы бетбелгі орнын пысықтағаннан кейін түнде аяқталды. Нәтижесінде мефедронның 29 бетбелгісі анықталып, дәлел ретінде қосылды.
Екі есірткі сатушыны ұстау нәтижелері бойынша барлығы мефедронмен 44 түйіншек тәркіленді. Алынған препараттың жалпы салмағы 26 граммды құрады.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабековтiң айтуынша, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін мефедронның аса ірі мөлшері бар болғаны 1 граммды құрайды.
Күдіктілер өз кінәларын мойындады және уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.