Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Коронавирусты инфекцияның кең таралуының алдын алу және карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Тараз қалалық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ мейрамхана, дәмхана, караоке залдары секілді адамдар көп шоғырланған және түрлі отбасылық жиындар өту қаупі бар нысандарда рейд жүргізуді жандандырылатынын хабарлаймыз.
COVID-2019 инфекциясынан өзімізді және жақындарымызды сақтау үшін түрлі жиын-тойлар өткізуден және мұндай шараларға қатысудан аулақ болуды сұраймыз. Тараз қаласының əкімдігі