Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Олар пәтер алу үшін кезекті алдына жылжытып беремін деп айтқан азаматшаға сеніп, қомақты қаражат ұсынған. Азаматша қала тұрғындарынан қажетті соманы алған соң мүлдем байланысқа шықпай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған.
Келтірілген шығын сомасы 14 миллион 95 мың теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын естен шығармауды сұрайды. Бейтаныс адамдарға, тексерілмеген мәліметтерге сенбеуді ескертеді!