Бүгін Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жарыс кезеңдерінің жеңімпазы атанған 160 үміткер қатысуда.
Жарыс радиомен басқарылатын авто модельдер, автотрассалық модельдер, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдерінің кластары бойынша жүргізілуде.
![](http://jambyl-bilim.kz/wp-content/uploads/2019/06/64432393_356821708172955_7789034143186157568_n-1.jpg)
Сайыс соңында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік!