Тәуелсіздік күні қарсаңында «Намыс» қозғалысының белсенділері Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің алдына барып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Азаттық Рухы порталы хабарлады.
Порталдың Youtube арнасында жарияланған видеода қозғалыс белсенділері Ресей депутаттарының Қазақстан териториясына қатысты айтқан мәлімдемелерін айыптап, Павлодар мен Петропавлдың атауын өзгертуді талап еткен. Президент Тоқаевтан осыған мұрындық болуды сұраған. Белсенділері өздері қойған талап орындалмайтын болса, Павлодар мен Петропавлға барып митинг өткізетіндерін айтқан.