Ағымдағы жылдың 28 шілде күні 15 сағат 06 минут шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ҰҚК және «Охотзоопром «ӨБ» РМК инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьер ұстады.
Олар БҚО, Алматы облысы және ҚХР тумалары. Іздеу барысында 2284 дана мүйіз табылып, тәркіленді, олар 26 қорапқа бөлініп салынған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.