Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және ілгерілету мәселесіне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру.
Жетістіктің тарихы шарасы
Бұл шара аясында Қазақстанның 14 облысы мен үш мегаполисін қамти отырып, еліміздің егемендік алған күнінен бері дүние есігін ашып, мәениет, тіл және ғылым саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастардың портфолиосын жасау. Яғни оның жетістікке қалай жеткені туралы баяндап, Қазақстан халқына паш ету. Әркімнің «жетістік тарихы» әртүрлі, сол себепті онымен сұхбаттасу, ұстазының пікірін алу көзделеді. Осы бағытта республика бойынша жалынды жастарды іздеу мақсатында мониторинг жүргізіледі. Табылғанына қарай сұхбат жүргізіліп, материалдар жазылады. Материалдар өңірлік және республикалық танымал сайттарда жарияланатын болады.
«Тіл — халық рухы»
Осы тақырып аясында танымал тіл мамандары, белсенділер және танымал тұлғалармен сұхбаттасып ойын сұрайтын боламыз. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданысы, дамуы және болашағы қандай деген сұрақтардың жауабын зерттеу мәселесі бірінші орынға қойылады. Латын әліпбиіне көшу сынды үдерістерге мамандардың бағасы беріледі. Мақалалар өңірлік және республикалық сайттарда жарияланатын болады.
Ұлы дала өркениеттері
«Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы орта білім беру ұйымдары арасында өткізіледі. Байқауға іріктеу науқаны 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі, сол себепті ережені өңірлік және республикалық сайттарда жариялау көзделеді. Байқау мақсаты – аға буын мен жасөспірімдер арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді және