Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1 маусымда басталған республикалық кең ауқымды «Қарасора» жедел -алдын алу іс-шарасы аясында есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында кешенді жұмыс жүргізуде.
Шу, Меркі және Байзақ аудандарының аумағында он күн ішінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, 110 гектар құмды аумақта жабайы өсетін қарасораны ору арқылы жалпы салмағы 23 тонна 270 келі болатын «сора тұқымдас өсімдік» өртелді.
«Жамбылдық полицейлер жабайы сораны Жамбыл облысының құмды аймақтарынан басқа өңірлерге шығару арналарын жабу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жедел-алдын алу іс — шарасы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау аясында да жүргізілуде», — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.